Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 42/418 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 4257 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.12.2021 № 10/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4/37 "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3139 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Қуандық).

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы А. Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 1 қосымша

Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.12.2021 № 10/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құрық ауылы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне дейінгі автокөлік жолы.

      3. Алаң, Жетібай ауылы, "Жаңақұрылыс" шағын ауданы.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйіне дейін.

      5. Алаң, Мұнайшы ауылы, "Салтанат" шағын ауданы.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Балауса" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан бастап орталық саябаққа дейін.

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 2 қосымша


Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.12.2021 № 10/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құрық ауылы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінен "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне дейінгі автокөлік жолы, шекті толу нормасы 200 адам;

      3) алаң, Жетібай ауылы, "Жаңақұрылыс" шағын ауданы, шекті толу нормасы 200 адам;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйіне дейін, шекті толу нормасы 200 адам; 5) алаң, Мұнайшы ауылы, "Салтанат" шағын ауданы, шекті толу нормасы 150 адам;

      6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Балауса" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан бастап орталық саябаққа дейін, шекті толу нормасы 150 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Қарақия ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 3 қосымша

Қарақия ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.12.2021 № 10/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қарақия ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады