Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 137 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануаларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 240 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қарашада № 4344 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 05-10-1613 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 137 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 2273 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 шілдеде "Қарақия" гезетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Құсайынов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады