Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 17 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 2 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 4177 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1."Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2776 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      қосымшада:

      келесідей мазмұндағы № 250 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

      "№ 250 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, 5 квартал, № 118 үй, Түпқараған ауданы әкімдігі Түпқараған аудандық білім бөлімінің "Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі, телефон/факс: 8 (72938) 28432.

      Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округінің 1, 3, 4, 5, 6 кварталдарының үйлері.".

      2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б. Кенжалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады