2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 235-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 қыркүйекте № 4284 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 05-10-984 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 230-қ "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3177 болып тіркелген, 2016 жылы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Біләловке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданының әкімі Р. Елтизаров

  Мұнайлы ауданының әкімдігінің
  2020 жылғы 9 қыркүйегі № 235-қ
  қаулысына қосымша

2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтаттарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Жұмыс берушінің атауы

Ұйымдар дағы жұмыскер лердің тізімдік саны

Ата – анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары




Квота (%)

Саны (адам)

Квота (%)

Саны (адам)

Квота (%)

Саны (адам)

1

2

3

 

4

5

6

1

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

385

1

4





2

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

191

1

2





3

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

1

2





4

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)

858

1

9





5

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

132



1

1

1

1

6

Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

225



1

2

1

2

7

Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

75



1

1

1

1


Барлығы:



17


4


4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады