Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 144 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 9112 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.03.2021 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 38 780 000 000 (отыз сегіз миллиард жеті жүз сексен миллион) теңге;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.

      2. "Қостанай облысы әкімдiгiнiң қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады