Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының аумағындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына (2015 жылғы 7 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырып жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қостанай облысының аумағындағы "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы";
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша күзет аймағының шекарасы;
3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың күзет аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағының шекарасы";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 157 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – табиғи резерват) қорғау аймағында:
1) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерват жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
3. Табиғи резерваттың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ табиғи резерваттың өзге де объектiлердің дербестігі қамтамасыз етiлуге тиiс.