Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.04.2020 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 498 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша күзет аймағының шекарасы;
3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың күзет аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.04.2020 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 06.10.2023 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.04.2020 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысының әкімі |
Н. Садуақасов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына 1-қосымша |
"Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағының шекарасы
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.04.2020 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулы 1-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 498 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.04.2020 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 06.10.2023 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – табиғи резерват) қорғау аймағында:
1) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке жол берілмейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 06.10.2023 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерват жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшiн пайдалану.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 06.10.2023 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).3. Табиғи резерваттың қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ табиғи резерваттың өзге де объектiлердің дербестігі қамтамасыз етiлуге тиiс.