"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-08/2466, 2020 жылғы 2 қарашадағы № 01-08/2535, 2020 жылғы 6 қарашадағы № 01-08/2612 ұсыныстары негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысының келесі:
1) Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округінің Приозерный ауылы;
2) Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайлов ауылы;
3) Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылы;
4) Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Лесное ауылы;
5) Сарыкөл ауданы Маяк ауылы;
6) Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылы;
7) Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округінің Сокол ауылы елді мекендерінде жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантинді белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы қосымшасының реттік нөмірлері 1, 3, 4, 5, 6-жолдарының (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |