Карантинді белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 9466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.12.2020 № 475 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-08/2069 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты Қостанай облысының аумағында орналасқан елді мекендерде карантин осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 328 қаулысына
қосымша

Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленетін Қостанай облысының аумағында орналасқан елді мекендер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.09.2020 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 08.10.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.11.2020 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2020 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 №447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.


р/с

Елді мекеннің атауы

1

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.11.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.12.2020 №447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.11.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.11.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

5

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.11.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

6

Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.11.2020 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

7

Әулиекөл ауданы

Сұлукөл ауылдық округінің Юльев ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады