"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 01-08/2487, 2020 жылғы 16 қарашадағы № 13970, 2020 жылғы 23 қарашадағы № 01-08/2770 ұсыныстары негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысының келесі:
1) Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Родина ауылы;
2) Арқалық қаласының Фурманов ауылы;
3) Арқалық қаласының Целинный ауылы елді мекендерінде жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы әкімдігінің "Карантинді белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы қосымшасының реттік нөмірі 2-жолының (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |