Әкімдіктің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1718 "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 1136 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 9366 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 116 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 болып тіркелген) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1718 қаулысына (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7965 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, объектілер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады