Әкімнің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 4 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 9594 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 13.12.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 шешіміне (2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің міндетін атқарушы" сөз тіркесі "әкімнің міндетін атқарушы" болып ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 1-тармағында "Ашутасты ауылының" сөз тіркесі "Ашутасты ауылдық округі Ашутасты ауылының" болып ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы бірінші абзацында "Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің аппараты" сөз тіркесі "Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" болып ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылдық округінің әкімі А. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады