Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 желтоқсанда № 25871 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысының Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің келесі:

      2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8560 болып тіркелген);

      2020 жылғы 23 қарашадағы № 4 "Әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9594 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылдық округінің әкімі А. Турганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады