"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 маусымда № 8560 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 13.12.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, әкімнің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 23.11.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі Ашутасты ауылының аумағында жалпы алаңы 0,7896 гектар жер учаскелерін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 23.11.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) алынып тасталды - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 23.11.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) осы шешімді оны ресми жариялағанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің 23.11.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ашутасты ауылы
әкімінің міндетін атқарушы
М. Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады