"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 қарашадағы № 406 қаулысына (2019 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі қаулының тақырыбында "тұрғын үйді" сөз тіркесі "тұрғынжайды" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағында "тұрғын үйді" сөз тіркесі "тұрғынжайды" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Исмагулов |