Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 304 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 мамырда № 9201 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Ңлкин
      Мәслихат хатшысы Б. Есмуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады