Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29 "Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 9054 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 09.06.2022 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29 шешіміне (2014 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:

      "Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясының төрағасы П. Осипенко
      Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мурзабаев

  Мәслихаттың
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 23 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 29 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Антоновка ауылының тұрғындары үшін

54

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Алшан ауылының тұрғындары үшін

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады