Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6176 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 307 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 11.03.2020 № 307 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 - бабы 6 - тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Орқашбаев

Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Рахимжанов


  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 406 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш
ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылының (бұдан әрі – Орқаш ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 - бабының 6 - тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Орқаш ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Орқаш ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Орқаш ауылының әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Орқаш ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Орқаш ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Орқаш ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Орқаш ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Орқаш ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Орқаш ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Орқаш ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Орқаш ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 406 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы
Орқаш ауылының жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Орқаш ауылы

11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады