Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 238 шешіміне (2014 жылғы 15 мамырда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:
"Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мәслихаттың мынадай:
"Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 232 (2014 жылғы 15 мамырда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелген);
"Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 232 "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 17 наурыздағы № 91 шешімдерінің (2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6994 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | П. Лебедев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Арыков |
Мәслихаттың 2020 жылғы 15 мамырдағы № 377 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 238 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Харьковское ауылының тұрғындары үшін | 88 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Никитинка ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Приозерное ауылының тұрғындары үшін | 12 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Сосна ауылының тұрғындары үшін | 18 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Каменскуральское ауылының тұрғындары үшін | 62 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Ақсуат ауылының тұрғындары үшін | 11 |