Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 232 "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 91 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 6994 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 377 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 377 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6 - тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 232 "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, 2014 жылдың 15 мамырында "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Тишбаева
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Арықов

      КЕЛIСIЛДI

      Каменскорал ауылдық

      округінің әкімі

      ____________ Қ. Қайыбжанов

  Мәслихаттың
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 91 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 232 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің Каменскуральское ауылының тұрғындарына

51

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің Ақсуат ауылының тұрғындарына

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады