"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Балгарин |
Әкімдіктің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 110 қаулысына 1-қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді-мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары |
1. | Барвиновка ауылы | "Аманжол-Акро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд |
2. | Веселый Подол ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
3. | Ананьевка ауылы | ауылдық кітапхана ғимаратының жанындағы стенд |
4. | Златоуст ауылы | Ленин және Целинная көшелерінің қиылысындағы стенд |
5. | Новое ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
6. | Қараоба ауылы | медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд |
7. | Комсомол ауылы | дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд |
8. | Чапаев ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
9. | Қоскөл ауылы | Элеваторная көшесіндегі № 1 үй жанындағы стенд |
10. | Ленинское ауылы | медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд |
11. | Ленинград ауылы | Комсомольская көшесіндегі № 3 үй жанындағы стенд |
12. | Вишневка ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
13. | Большие Дубравы ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
14. | Маяк ауылы | "Маякское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд |
15. | Севастополь ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
16. | Дубинка ауылы | Дубинка көшесіндегі № 34 үй жанындағы стенд |
17. | Крыловка ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
18. | Сорочинка ауылы | ауылдық клуб ғимаратының жанындағы стенд |
19. | Мелитополь ауылы | Центральная көшесіндегі № 14 үй жанындағы стенд |
20. | Островное ауылы | Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Урицкое орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
21. | Тағыл ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
22. | Соналы ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Соналы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
23. | Ермаковка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ермаков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
24. | Тимирязевка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
25. | Урожайное ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
26. | Сарыкөл кенті | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
27. | Сарыкөл кенті | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімиятының Сарыкөл аудандық білім бөлімінің "Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанындағы стенд |
28. | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
29. | Сарыкөл кенті | Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сарыкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
30. | Сарыкөл кенті | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
Әкімдіктің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 110 қаулысына 2-қосымша |
Сарыкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 қаулысы (2015 жылғы 16 сәуірде "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген);
2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі № 181 қаулысы (2017 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7135 болып тіркелген);
3) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 28 мамырда № 140 қаулысы (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7870 болып тіркелген).