Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 28.05.2020 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 98 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі 35-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
35 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
".
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Қалқаев |
"КЕЛIСIЛДI"
Сарыкөл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
________________ А. Апареев
2017 жылғы 5 шілде