Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Таран ауданы Мақсұт ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 136 (2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |