"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 01-20/18 ұсынысы негізінде, Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі Апановка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | М. Жортынбаев |