Әкімдіктің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 229 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 9123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 20 қарашадағы № 229 қаулысына (2015 жылғы 24 желтоқсанда "Нұрлы жол" газеттінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6071 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы әкімі Т. Даиров

  Әкімдіктің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 62 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 229 қаулысына
қосымша

Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Пресногорьковка ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пресногорьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

2

Тайсойған ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ресей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

3

Ряжское ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арзамасс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

4

Сатай ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Суворов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Троебратское ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Троебратск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

6

Федоров ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

7

Речное ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чапай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

8

Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ұзынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 Ұзынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;

9

Бауман ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бауман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

10

Ершовка ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ершов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

11

Сокол ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Соколов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12

Белоглинка ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Белоглин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Миролюбов ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Киев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

14

Кировское ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Киров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

15

Варваровка ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Куйбышев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

16

Новопокров ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Новопокров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады