Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 497/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 6929 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының аппараты басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы К. Капенов
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Б. Бексеитова

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 21 тамызы
№ 497/42 шешіміне
қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі "Павлодар облысы мәслихатының регламенті туралы" № 389/44 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 болып тіркелген, 2015 жылғы 07 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 74/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтарда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы "Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 74/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 113/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде "Регион.kz" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады