Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 21.08.2020 № 497/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 74/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 болып тіркелген, "Сарыарқа Самалы" газетінің 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 4 нөмірінде, "Звезда Прииртышья" газетінің 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 4 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларында және оның сипаттамасында:
"Жалпы ережелер" 1-тарауында 4-тармақта қазақ тіліндегі нұсқасында "жарамдылық мерзімі өткен" сөздер алып тасталсын;
"Қызметтік куәліктің сипаттамасы" деген 3-тарауында 9-тармақта "19х6,5" сандар "7х21" сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, облыстық | |
мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |