Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 284/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 7189 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларына сәйкес айқындалсын".

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. А. Арыноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Терентьев
      2020 жылғы "11" желтоқсан
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Бексейітова
      2020 жылғы "11" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады