Павлодар қаласының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 1062/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 6837 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар қаласының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі К. Нукенов

  Павлодар қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
26 мамыры № 1062/4
қаулысына
қосымша

Павлодар қаласының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"KSP Steel" ("КейЭсПи Стил") Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлодар филиалы

4839

1

48

2

"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" акционерлік қоғамы

1428

1

14

3

"Павлодар-Водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

760

1

8

4

"Павлодар қаласының трамвай басқармасы" акционерлік қоғамы

676

1

7

5

"КАУСТИК" Акционерлік қоғамы

539

1

5

6

"Казэнергокабель" Акционерлік қоғамы

543

1

5

7

"Средазэнергомонтаж Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

448

1

4

8

"Павлодарские тепловые сети" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

429

1

4

9

"Стальмонтаж" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

249

1

2

10

"LF-TRADE" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

203

1

2

11

"ГСУ "Курылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

193

1

2

12

"Горкомхоз-Павлодар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

1

2

13

"ХОЛДИНГ-ТРАНСС-ПАВЛОДАР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

175

1

2

14

"Транстелеком" акционерлік қоғамының Павлодар қаласындағы "Павлодартранстелеком" филиалы

134

1

1

15

"Идеал Маркет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

129

1

1

16

"СтеклоМир" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

125

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады