Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының "Ислам" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 1-03/08 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада № 7026 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қазандағы № 2-19/633 ұсынысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының "Ислам" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының "Ислам" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Достық ауылдық округінің әкімі Ж. Каирханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады