Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің Үштерек ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 1-03/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 6760 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Евгеньевка ауылдық округінің Үштерек ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Евгеньевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің Үштерек ауылындағы келесі көшелері:

      "Ленин" көшесі "Абылайхан" көшесі болып;

      "Пионерская" көшесі "Желтоқсан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Евгеньевка ауылдық округінің әкімі А. Халыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады