Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылындағы келесі көшелері:
"Береговая" көшесі "Жастар" көшесі болып;
"30 лет Целины" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып;
"Гагарин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Садовая" көшесі "Ынтымақ" көшесі болып;
"Строительная" көшесі "Достық" көшесі болып;
"Энтузиастов" көшесі "Малайсары батыр" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Ж. Әбікен |