2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 420/53 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 мамырда № 6824 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 485/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 485/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.

      2. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Екібастұз қалалық маслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады