Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 451/57 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 6942 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 7 және Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 127 "Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулы мен шешімінің негізінде, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Екібастұз
      қалалық маслихатының хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 21 тамызы
№ 451/57 шешіміне
қосымша

Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 236/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3881 болып тіркелген, 2014 жылғы 05 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 241/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 болып тіркелген, 2014 жылғы 05 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 236/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 266/32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4096 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 241/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 269/32 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады