Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 275/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 6938 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жер учаскелерiн алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К. Г. Қызыровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі К. Каримов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 қыркүйегі
№ 275/9 қаулысына
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі
(жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Алтай полиметаллы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,0337

220 киловольт - әуе электр беріліс желілердің объектілерін пайдалану үшін

25

Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі, Ақбаз учаскесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады