Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазаңдағы № 321/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 6980 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай жер теліміне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К. Г. Қызыровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі К. Каримов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 8 қазаны
№ 321/10 қаулысына
қосымша

Р/с

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Нысаналы мақсаты

Жер телімінің орналасқан жері

1

"IBM Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2,19

пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін

Майқайың кенті, № 2 Майқайың байыту фабрикасының қалдық қоймасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады