Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес, Железин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин ауданының әкімі | К. Кашкиров |
Железин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 121/3 қаулысына қосымша |
Железин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |