Ертіс ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 89/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 мамырда № 6832 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Мусинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс ауданының әкімі А. Бейсекин

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 89/2 қаулысына
қосымша

Ертіс ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады