Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 51/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданының Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 15.11.2022 № 119/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 15.11.2022 № 119/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 3/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4044 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 қазанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Жиеналин |
Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы | С. Мусинова |
Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдесі № 269/55 шешімімен бекітілген |
Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің тәртібі
1. Осы Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.
2. Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
3. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі шақырады.
Аққулы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққулы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.