Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 206/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 маусымда № 6442 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 274/56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 07.08.2020 № 274/56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аққулы аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Мүсінова

  Аққулы аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 206/42 шешіміне
1-қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және
Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілі қағида).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия - өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Лебяжі ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      6) отбасының (азаматтық) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      7) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;

      8) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкiлеттi орган - "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi ауылдық округ әкiмдерінің шешiмiмен құрылатын комиссия;

      11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін, Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      8. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:

      1) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр - Жеңiс күнi;

      3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерi (бұдан әрі - ҰОС);

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      2-1) қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда ҰОС кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСРО (бұдан әрі - КСРО) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2-2) ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСРО iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

      2-3) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      2-4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      2-5) бұрынғы КСРО үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСРО Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлері; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-6) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушы мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:

      3-1) бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      3-2) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

      3-3) ЧАЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      3-4) Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген басқа да адамдар санаттары, атап айтқанда:

      4-1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

      4-2) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;

      4-3) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      4-4) 1988 - 1989 жылдардағы ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      4-5) ҰОС жылдарында тылдағы қаржылы еңбегі мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      5) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдар;

      6) ең төмен зейнетақы және жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, атап айтқанда:

      6-1) жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

      6-2) 80 және одан үлкен жастағы, зейнеткерлер;

      6-3) төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) бірінші топ мүгедектері;

      7-2) екінші топ мүгедектері;

      7-3) үшінші топ мүгедектері;

      7-4) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-5) кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедек ата-аналар;

      7-6) арбадағы мүгедектер;

      8) жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттері, жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      9-1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын зейнеткерлік алдындағы жұмыссыздар (жасына қарай екі жыл қалғанда зейнетке шығу);

      9-2) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде есепте тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын жұмыссыздар;

      9-3) бас бостандығынан айыру орнынан шыққан тұлғалар;

      9-4) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын өмірдің қиын жағдайына тап болған аурудың нәтижесінде ұзақ емделуді қажет ететін азаматтар;

      9-5) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын өрт немесе стихиялық апат болған жағдайда өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар;

      9-6) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын жоспарланбаған өмірлік шығындар жағдайында күн көріс қаражатынсыз қалған азаматтар;

      9-7) жасанды тағаммен тамақтандыратын 1 жасқа дейінгі емізіктегі баласы бар, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар;

      9-8) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

      9-9) 12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепте тұрған жүкті әйелдер;

      9-10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан отбасылар;

      9-11) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылыр;

      10) әлеуметтік - мағыналы аурулармен ауыратын азаматтар, атап айтқанда:

      10-1) онкологиялық ауруға (аурудың 1, 2, 3 кезеңдері) шалдыққан адамдар;

      10-2) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын тұлғалар;

      10-3) әр-түрлі туберкулез формалар ауруына шалдыққан адамдар.

      10. Уәкілетті орган табысты есептемей көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағиданың 9-тармақтың 9-8) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      1-2) Жеңіс күніне орай:

      осы Қағиданың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      1-3) Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағиданың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      1-4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай осы Қағиданың 9-тармағының 7) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) осы Қағиданың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемде - уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;

      2-2) осы Қағиданың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жұмысын жасау үшін нақты шығынынан 500 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) аспайтын көлемде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жоғарыда айтылған қызмет көрсету және жұмыс жүргізу келісімшарт көшірмесі бойынша;

      2-3) осы Қағиданың 9-тармақтың 4-5) тармақшасында көрсетілген санаттарға электрлі қуатты пеш орнату үшін нақты шығынынан 100 АЕК аспайтын көлемде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жоғарыда айтылған қызмет көрсету және жұмыс жүргізу келісімшарт көшірмесі бойынша;

      2-4) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алу үшін 5 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама;

      2-5) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін 5 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама;

      2-6) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-6) тармақшасында көрсетілген санаттарға пандус орнату тұрғылықты жері бойынша жасалған жұмыстың нақты шығынынан 50 АЕК аспайтын көлемде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жоғарыда айтылған қызмет көрсету және жұмыс жүргізу келісімшарт көшірмесі бойынша;

      2-7) осы Қағиданың 9-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттарға спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты құны 16 АЕК аспайтын көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама;

      2-8) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өту үшін 5 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      2-9) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға жерлеу үшін 15 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген (жақын туыстарының) өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, азаматтардың халахуал актілерін тіркеу бөлімінен қайтыс болу туралы анықтамасы немесе қайтыс болу туралы куәлігі;

      2-10) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек көрсету үшін 5 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, бас бостандығынан айыру орнынан бостандыққа шыққандығы туралы анықтамасы;

      2-11) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-9) тармақшасында көрсетілген санаттарға жол жүру шығындарын өтеу үшін 10 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жүктілік бойынша есепке қою туралы медициналық анықтамасы;

      2-12) осы Қағиданың 9-тармақтың 10-1), 10-2) тармақшаларында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрімектерді алу үшін 10 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, медициналық бөлімшеге сәйкес анықтамасы;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) осы Қағиданың 9-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 5 АЕК көлемінде жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) осы Қағиданың 9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 4 АЕК көлемінде - уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;

      4-2) осы Қағиданың 9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін 50 АЕК аспайтын көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес;

      4-3) осы Қағиданың 9-тармақтың 4-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 3 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      4-4) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге 11 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасы негізінде;

      4-5) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі мүгедек балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, баласының мүгедектігін растайтын сәйкес медециналық бөлімшеден анықтамасы, баласының туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі мекемеден анықтама;

      4-6) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген алушылар санаттарына мектепке дейінгі балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, баласының мүгедектігін растайтын сәйкес медециналық бөлімшеден анықтамасы, баласының туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі мекемеден анықтама;

      4-7) осы Қағиданың 9-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға амбулаторлық емделу мерзіміне тамақтандыруға 10 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, медициналық бөлімшеге сәйкес анықтамасы.

      11. Уәкілетті ұйым табысын есептеп көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) осы Қағиданың 9-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттарға құжаттандыруға (жеке куәлік) 1 АЕК көлемінде;

      1-2) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 71 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, ірі қара малды сатып алу жөніндегі сауда-саттық шарты, малдың ветеринарлық паспорты;

      1-3) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-4), 9-5), 9-6) тармақшаларында көрсетілген санаттарға материалдық көмек 60 АЕК көлемі дейін - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, үлгілі қағидамен бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      1-4) осы Қағиданың 9-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алу үшін жан басына шаққандығы орташа табысы күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын 5 АЕК көлемінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, тиісті медициналық бөлімшелерден мүгедектігін растайтын анықтама, үлгілі қағидамен бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      1-5) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-10) тармақшасында көрсетілген санаттарға спутниктік телебағдарламасын орнату үшін жан басына шаққандығы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын нақты құны 16 АЕК аспайтын көлемінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, үлгілі қағидамен бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      2) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      2-1) осы Қағиданың 9-тармақтың 6-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 3 АЕК көлемінде;

      3) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 3 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      3-2) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-8) тармақшасында балалар тамағын сатып алу үшін 2 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, жасанды тағаммен тамақтанатын баланың тұрғылықты жері туралы медициналық анықтама, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде;

      3-3) осы Қағиданың 9-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу төлем ақысын нақты төлем ақысы көлемінде мамыр және қазан айларында және ай сайынғы әлеуметтік көмек жоғары оқу орнында оқу кезеңіне жолақысына, жүріп-тұруына және тамақтануына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, орта білімі туралы аттестат және жетімдік мәртебесін растайтын құжаттар бар болған жағдайда.

      3-4) осы Қағиданың 9-тармақтың 9-11) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын үй-коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 3 АЕК көлемінде - жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, үлгілі қағидамен бекітілген нысаны бойынша тұлғаның (отбасының) құрамы, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері негізінде.

      12. Осы Қағидада көрсетілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшері жекелеген алушылар санаттарына облыстың жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін аудандық арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілі қағидамен бекіткен нысанда адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      16. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ҮҚ бекіткен нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Аққулы аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 206/42 шешіміне
2 - қосымша

Аққулы аудандық мәслихатының кейбір күші
жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырдағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" № 9/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5093 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 маусымдағы "Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 19/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5153 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі "Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 77/13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5496 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы "Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 86/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5565 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдедегі "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінде № 26 жарияланған).

      6. Лебяжі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы "Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Лебяжі ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 4/42 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 145/24 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады