Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қарашада № 7002 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі М. Актаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Май аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы М. Кишкеналина
      2020 жылғы "28" қазан

  Май ауданы әкімінің
2020 жылғы 28 қазаны
№ 1 шешіміне қосымша
Май ауданы әкімінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 4 шешіміне
қосымша

№ 352 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақшиман ауылы, "Ақшиман негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақшиман ауылдық округінің Ақшиман ауылының аумағы.

№ 353 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақжар ауылы, "Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжар ауылының аумағы.

№ 354 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Май ауылы, "Май жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Май ауылдық округінің Май, Еңбекші ауылдарының аумақтары.

№ 356 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Майтүбек ауылы, "Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Майтүбек ауылының аумағы.

№ 357 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылеңбек ауылы, "Қазақстан негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Қызылеңбек ауылының аумағы.

№ 358 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмыскер ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Жұмыскер ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Жұмыскер ауылының аумағы.

№ 359 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Абай ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Абай ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Абай ауылының аумағы.

№ 360 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Саты ауылы, "Саты негізгі орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Саты ауылының аумағы.

№ 361 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, "Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары ауылдық округінің Малайсары ауылының, ферма 1, ферма 2 аумақтары.

№ 363 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, "Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек ауылдық округінің Кеңтүбек ауылының, ферма 1, ферма 3 аумақтары.

№ 365 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Қаныш Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Уақап Сыздықов, Ветстанция, Көктөбе станциясы, Қанаш Қамзин, Қазыбек би, Әлия Молдағұлова, Аманкелді Иманов, Панфилов, Мұхтар Әуезов, Жамсап Байғұрманов, Нұрлыбек Баймұратов, Әліби Жанкелдин, Евней Букетов, Олжас Сүлейменов көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.

№ 368 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Баскөл ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Баскөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл ауылдық округінің Баскөл, Бозша, Жаңатілек ауылдарының аумақтары.

№ 372 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, "Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.

№ 375 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігі, Май ауданының білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Абай, Бейбітшілік, Шоқан Уәлиханов, Мәншүк Мәметова, Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдірайымов, Желтоқсан, Сәкен Сейфуллин, Байғабыл Жылқыбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Бастем Хазірет, Ғани Мұратбаев, Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Баки Басар көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады