Карантинді тоқтату және Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы "Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03-10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1-03-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 6718 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 2-36/616 ұсынысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы "Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6624 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Заря ауылдық округінің әкімі Р. Капанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Кұрманғазин
      2020 жылғы "20" қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау комитеті Павлодар облысының
      тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау департаментінің
      Павлодар аудандық тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Сұлтанғалиев
      2020 жылғы "20" қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы Х. Оразбеков
      2020 жылғы "20" қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады