Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 1-03-10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қарашада № 6624 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1-03-01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 21.10.2020 № 1-03-01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 2-36/415 ұсынысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Павлодар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Р. Капанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Құрманғазин
      2019 жылғы "18" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      Тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау департаментінің
      Павлодар аудандық тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Сұлтанғалиев
      2019 жылғы "18" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы Х. Оразбеков
      2019 жылғы "18" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады