Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің Заря ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 1-03-03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 6845 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Заря ауылдық округінің Заря ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің Заря ауылының келесі көшелері:

      "Ленин" көшесі "Егемендік" көшесі болып;

      "Дерибас" көшесі "Сәкен Рымжанов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заря ауылдық округінің әкімі Р. Капанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады