Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 ақпандағы "2020 жылға арналған Успен ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 261/55 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6731 болып тіркелген, 2020 жылғы 04 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Е. Горбатюк |
Успен аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Бечелова |