Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 4/475 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қарашада № 1659 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2020 жылғы 5 қарашасы
№ 4/475
қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған
қаулыларының тізбесі

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1200 болып тіркелген, 2015 жылы 3 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысы;

      2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1302 болып тіркелген, 2016 жылы 2 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2016 жылғы 29 шілдедегі № 3/349 қаулысы;

      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1305 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/374 қаулысы;

      4. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1434 болып тіркелген, 2017 жылы 26 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2017 жылғы 29 қарашадағы № 4/490 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады