Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 4/490 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 1434 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 4/475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 05.11.2020 № 4/475 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/476 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1200 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу".";

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 4/490
қаулысына қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 3/476
қаулысымен бекітілді

"Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi Жалпы ережелер

      1. "Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi - регламент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 139 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" бұйрығымен бекiтiлген "Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) сәйкес әзiрлендi.

      "Жергiлiктi спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

      www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығымен бекiтiлген нысандар бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлiк, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресiмделген куәлiк, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасы (бұдан әрi - аккредиттеу туралы куәлiк), не мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

      Порталда - уәкiлеттi лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiнiң әзірлігі туралы хабарлама.

      Көрсетілген қызметтi алушы осы регламенттiң 4 - тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзiмi өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

      Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi. 

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi бастауға негiздеме көрсетiлетiн қызметтi алушының (не уәкілетті өкiлiнiң) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесiн ұсынуы болып табылады:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      аккредиттеу туралы куәлiкті алу үшiн:

      спорт федерациясы басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкiлi жүгiнген кезде - заңды тұлғаның сенiмхаты (сәйкестендiру үшiн);

      стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтiнiш;

      басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлiметтер;

      спорт федерациясының жарғысы;

      спорт түрi (түрлерi) бойынша кешендi нысаналы бағдарлама;

      спорт түрi (түрлерi) бойынша қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш;

      аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу туралы өтiнiш.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн, мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады. 

      Қағаз тасымалдағыштағы өтiнiштi қабылдауды растау оның көшiрмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетiліп, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

      2) порталға:

      аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн:

      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшiрмесi нысанындағы басқару органының дербес құрамы туралы мәлiметтер;

      электрондық құжат нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

      құжаттың электрондық көшiрмесi нысанындағы спорт түрi (түрлерi) бойынша кешендi нысаналы бағдарлама;

      құжаттың электрондық көшiрмесi нысанындағы спорт түрi (түрлерi) бойынша қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн, мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады. 

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тарихындағы "жеке кабинетінде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күні көрсетiлген хабарлама көрiнедi.

      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      аккредиттеу туралы куәлiктi алу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы регламенттiң 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады - 20 (жиырма) минут;

      2) кеңсе қызметкерi құжаттарды тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiн бередi және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

      4) орындаушы құжаттарды қарайды және комиссияға қарауға енгізеді - күнтiзбелiк 2 (екi) күн;

      5) жергiлiктi спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлiк беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiге спорт федерациясын аккредиттеудi не аккредиттеуден бас тартуды ұсынады - күнтiзбелiк 9 (тоғыз) күн;

      6) орындаушы комиссия хаттамасының негiзiнде бұйрықтың жобасын дайындайды, оған қол қоюды қамтамасыз етедi, қол қойылған бұйрықтың негiзiнде куәлiктi дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 2 (екi) күн не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауаптың жобасын дайындайды - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн;

      7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы куәлiкке не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      8) кеңсе қызметкерi куәлiктi не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

      аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiштi ұсынады - 20 (жиырма) минут;

      2) кеңсе қызметкерi құжаттарды тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiн бередi және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

      4) орындаушы құжаттарды қарайды және бұйрық жобасын дайындайды, оған қол қоюды қамтамасыз етедi, қол қойылған бұйрықтың негiзiнде қайта ресiмделген куәлiктi дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 3 (үш) күн;

      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қайта ресiмделген куәлiкке қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      6) кеңсе қызметкерi қайта ресiмделген куәлiктi тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

      аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн:

      4) орындаушы құжаттарды қарайды, куәлiктiң телнұсқасын дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 3 (үш) күн;

      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы куәлiктiң телнұсқасына қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      6) кеңсе қызметкерi куәлiктiң телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

      6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижесi:

      аккредиттеу туралы куәлiктi алу үшiн:

      1) нәтиже - көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құжаттарды қабылдауы;

      2) нәтиже - құжаттарды тiркеу;

      3) нәтиже - басшының бұрыштама қоюы;

      4) нәтиже - жауапты орындаушының хаттамасы;

      5) нәтиже - комиссия хаттамасы;

      6) нәтиже - бұйрықты, куәлiктi не аккредиттеуден дәлелдi бас тартуды дайындау;

      7) нәтиже - бұйрыққа, куәлiкке не аккредиттеуден дәлелдi бас тартуға қол қою;

      8) нәтиже - куәлiктi не дәлелдi бас тартуды беру.

      аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн:

      1) нәтиже - көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құжаттарды қабылдауы;

      2) нәтиже - құжаттарды тiркеу;

      3) нәтиже - басшының бұрыштама қоюы;

      4) нәтиже - бұйрықты, қайта ресiмделген куәлiктi дайындау;

      5) нәтиже - бұйрықты, қайта ресiмделген куәлiктi тiркеу; 

      6) нәтиже - қайта ресiмделген куәлiктi беру.

      аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн:

      1) нәтиже - көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құжаттарды қабылдауы;

      2) нәтиже - құжаттарды тiркеу;

      3) нәтиже - басшының бұрыштама қоюы;

      4) нәтиже - бұйрықты, куәлiктiң телнұсқасын дайындау;

      5) нәтиже - бұйрықты, куәлiктiң телнұсқасын тiркеу; 

      5) нәтиже - куәлiктiң телнұсқасын беру

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

      1) кеңсе қызметкерi;

      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

      3) орындаушы;

      4) комиссия;

      8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау.

      Аккредиттеу туралы куәлiктi алу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы регламенттiң 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады - 20 (жиырма) минут;

      2) кеңсе қызметкерi құжаттарды тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiн бередi және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

      4) орындаушы құжаттарды қарайды және комиссияға қарауға енгізеді - күнтiзбелiк 2 (екi) күн;

      5) жергiлiктi спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлiк беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - комиссия) құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiге спорт федерациясын аккредиттеудi не аккредиттеуден бас тартуды ұсынады - күнтiзбелiк 9 (тоғыз) күн;

      6) орындаушы комиссия хаттамасының негiзiнде бұйрықтың жобасын дайындайды, оған қол қоюды қамтамасыз етедi, қол қойылған бұйрықтың негiзiнде куәлiктi дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 2 (екi) күн не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауаптың жобасын дайындайды – күнтiзбелiк 1 (бiр) күн;

      7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы куәлiкке не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      8) кеңсе қызметкерi куәлiктi не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

      Аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiштi ұсынады - 20 (жиырма) минут;

      2) кеңсе қызметкерi құжаттарды тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiн бередi және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

      4) орындаушы құжаттарды қарайды және бұйрық жобасын дайындайды, оған қол қоюды қамтамасыз етедi, қол қойылған бұйрықтың негiзiнде қайта ресiмделген куәлiктi дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 3 (үш) күн;

      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қайта ресiмделген куәлiкке қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      6) кеңсе қызметкерi қайта ресiмделген куәлiктi тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

      Аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi) стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiштi ұсынады - 20 (жиырма) минут;

      2) кеңсе қызметкерi құжаттарды тiркейдi, көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсетiп, кеңседе тiркелгенi туралы белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiн бередi және құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут;

      4) орындаушы құжаттарды қарайды, куәлiктiң телнұсқасын дайындайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады - күнтiзбелiк 3 (үш) күн;

      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы куәлiктiң телнұсқасына қол қояды, кеңсе қызметкерiне жолдайды - 15 (он бес) минут;

      6) кеңсе қызметкерi куәлiктiң телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлiне) бередi - күнтiзбелiк 1 (бiр) күн.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және
(немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн,
сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi
пайдалану тәртiбiн сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмдерiнің (iс-қимылдарының) реттiлiгiн және жүгiну тәртiбiн сипаттау:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi - ЖСН) және бизнес сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi - БСН), сондай-ақ парольдiң (порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркелудi жүзеге асырады;

      2) 1-процесс - көрсетiлетiн қызметтi алушының порталда көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ЖСН/БСН және парольдi енгiзуi (авторизациялау процесi);

      3) 1-шарт - порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы мәлiметтердiң түпнұсқалығын тексеру;

      4) 2-процесс - порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

      5) 3-процесс - көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсету үшiн сұрау салудың нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгiзуi), регламенттiң 4-тармағында көрсетiлген электрондық түрдегi құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн сұрау салу нысанына тіркеуі, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;

      6) 2-шарт - порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және тiзiмде керi қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерінің (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестiгiн тексеру;

      7) 4-процесс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8) 3-шарт - көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушы қоса ұсынған стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды, қызмет көрсету үшiн негiздердi тексеруi;

      9) 5-процесс - көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      10) 6-процесс - көрсетiлетiн қызметтi алушының портал қалыптастырған көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетіне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмдерiнің (iс-қимылдарының) реттiлiгi мен жүгiну тәртiбi осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммаларында көрсетiлген.

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiледi.

      11. Мемлекеттiк қызметті "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы көрсетпейді.

  "Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

  "Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

1) Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі көрсетілетін
қызметті берушіге жүгінген кезде "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

2) Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі көрсетілетін
қызметті берушіге жүгінген кезде "Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу
туралы куәлікті қайта ресімдеу, аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады