Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1236 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 15 тамыздағы № 3/388 Алматы қаласы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1313 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |