Алматы қаласының аумағында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/580 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 1672 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi "Су Кодексінің" 116 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде Алматы қаласының аумағында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының аумағында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін.

      3. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
15 желтоқсандағы № 4/580
қаулысына
1-қосымша

Алматы қаласының аумағындағы су қорғау аймақтары
мен су объектілерінің белдеулері

      1. Алматы қаласының аумағындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары:

      1) Ақсай өзені: су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      2) Ақсай өзенінің сол жақ тармағы: қала шекарасында су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      3) Ақсай өзенінің оң жақ тармағы: Тастыбұлақ өзеніне дейінгі су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      4) Тастыбұлақ өзені: су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай, шаруашылық жүргізу құқығындағы "№1 қалалық клиникалық аурухана" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан Райымбек даңғылына дейін және каналдың жоғарғы кемерінің екі жағындағы Қарағайлы өзеніне дейінгі учаскеде);

      5) Атауы жоқ (Ойжайлау) құрғақ өзен аңғары: су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      6) Ойжайлау өзені: қала шекарасындағы су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      7) Қарағайлы өзенінің құрғақ аңғары: су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      8) Қарағайлы (Каргалинка) өзені: қала шекарасынан бастап зиратқа дейінгі су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай), зираттан Жандосов көшесіне дейін – 200 метрді (су кемерінен екі жағына қарай), Жандосов көшесінен Наурызбай ауданының солтүстік шекарасына дейін – 120 метрді (габионның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды;

      9) Жындыбұлақ өзенінің құрғақ аңғары: су қорғау аймағы – 120 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      10) Үлкен Алматы көлі (Жосалы): су қорғау аймағы – 500 метрді құрайды (жағалаудың жоғары жағынан барлық тарапқа қарай);

      11) Үлкен Алматы өзені: Үлкен Алматы көлінен Көкшоқы шағын ауданының шекарасына (тоғанға) дейін су қорғау аймағы – 500 метр (су кемерінен екі жағына қарай), тоғаннан төмен Абай даңғылына дейін – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      12) Мраморная өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      13) Ақсай өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      14) Проходная өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      15) Казачка өзені (Үлкен Алматы өзенінің оң жақ саласы): су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      16) № 1 Үлкен Алматы өзенінің атауы жоқ сол жақ саласы (тоғаннан жоғары): су қорғау аймағы – 500 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      17) № 2 Үлкен Алматы өзенінің атауы жоқ сол жақ саласы (тоғаннан төмен): су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      18) Үлкен Алматы өзенінің атауы жоқ оң жақ саласы (шошқа фермасы): су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      19) Есентай каналы: су қорғау аймағы – 120 метрді (науаның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды;

      20) Нұрлытау шағын ауданындағы құрғақ аңғар (Парасат көшесі ауданында): су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      21) "Машиностроитель-1" бау-бақша серіктестігіндегі № 1 атауы жоқ бұлақ, Центральная көшесі: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      22) "Машиностроитель-1" бау-бақша серіктестігіндегі № 2 атауы жоқ бұлақ, Центральная көшесі: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      23) Кереңқұлақ өзені: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      24) Кереңқұлақ өзенінің сол жақ саласы: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      25) Кереңқұлақ өзенінің оң жақ саласы: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      26) Ерменсай (Ремизовка) өзені: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      27) Есентай (Весновка) өзені: су қорғау аймағы – 120 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      28) М-1 каналы: су қорғау аймағы – 120 метрді (Президент саябағының аумағында су кемерінен және науаның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды.

      2. Алматы қаласының әкімшілік шекараларындағы су объектілерінің су қорғау белдеулері:

      1) Ақсай өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      2) Ақсай өзенінің сол жақ тармағы: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      3) Ақсай өзенінің оң жақ тармағы: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      4) Тастыбұлақ өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай, шаруашылық жүргізу құқығындағы "№1 қалалық клиникалық аурухана" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан Райымбек даңғылына дейін және каналдың жоғарғы кемерінің екі жағындағы Қарағайлы өзеніне дейінгі учаскеде);

      5) Атауы жоқ (Ойжайлау) құрғақ аңғары: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      6) Ойжайлау өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (су кемерінен екі жағына қарай);

      7) Қарағайлы өзенінің құрғақ аңғары: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      8) Қарағайлы (Каргалинка) өзені: қала шекарасынан Жандосов көшесіне дейін су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай), Жандосов көшесінен Наурызбай ауданының солтүстік шекарасына дейін – 35 метрді (габионның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды;

      9) Жындыбұлақ өзенінің құрғақ аңғары: су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (жыраның кемерінен екі жағына қарай);

      10) Үлкен Алматы көлі (Жосалы): су қорғау белдеуі – 35 метрді құрайды (жағалаудың жоғары жағынан барлық тарапқа қарай);

      11) Үлкен Алматы өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      12) Мраморная өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      13) Ақсай өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      14) Проходная өзені (Үлкен Алматы өзенінің сол жақ саласы): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      15) Казачка өзені (Үлкен Алматы өзенінің оң жақ саласы): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      16) Үлкен Алматы өзенінің № 1 атауы жоқ сол жақ саласы (тоғаннан жоғары): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      17) Үлкен Алматы өзенінің № 2 атауы жоқ сол жақ саласы (тоғаннан төмен): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      18) Үлкен Алматы өзенінің атауы жоқ оң жақ саласы (шошқа фермасы): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      19) Есентай каналы: су қорғау белдеуі – 35 метрді (науаның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды;

      20) Нұрлытау шағын ауданындағы құрғақ аңғар (Парасат көшесі ауданында): су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      21) "Машиностроитель-1" бау-бақша серіктестігіндегі № 1 атауы жоқ бұлақ, Центральная көшесі: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      22) "Машиностроитель-1" бау-бақша серіктестігіндегі № 2 атауы жоқ бұлақ, Центральная көшесі: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      23) Кереңқұлақ өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      24) Кереңқұлақ өзенінің сол жақ саласы: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      25) Кереңқұлақ өзенінің оң жақ саласы: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      26) Ерменсай (Ремизовка) өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      27) Есентай (Весновка) өзені: су қорғау белдеуі – 35 метрді (су кемерінен екі жағына қарай) құрайды;

      28) М-1 каналы: су қорғау белдеуі – 35 метрді (Президент саябағының аумағында су кемерінен және науаның жоғары жиегінен екі жағына қарай) құрайды.

  Алматы қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
15 желтоқсандағы № 4/580
қаулысына
2-қосымша

      Алматы қаласының аумағындағы су қорғау аймақтары мен су
объектілерінің белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 24.08.2022 № 3/411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Алматы қаласының аумағындағы су объектілерінің су қорғау белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі.

      Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Алматы қаласының аумағындағы су объектілерінің су қорғау аймағын шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі.

      Белгіленген су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жағыртылған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен әуеден өңдеу және әуе арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады