Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 06-01/05 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қарашада № 1667 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйегіндегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 06-01/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 1602 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2020 жылғы 07 қаңтардағы № 1 (5820) және "Вечерний Алматы" газетінің 2020 жылғы 07 қаңтардағы № 1 (13634) санында жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Алматы қаласы Медеу ауданы аумағында № 596 және № 597 сайлау учаскелері құрылсын;

      2) аталған шешiмнiң қосымшасы келесідей мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

      "№ 596 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Құлжа күре жолы, 2.

      "Халық арена" мұз сарайының көпcалалы кешенінің объектісіндегі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы "Фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұқпалы аурулар бөлімшелері. Шекарасы: "Халық арена" мұз сарайының көпcалалы кешенінің аумағы";

      "№ 597 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Көктөбе шағын ауданы, Роза Бағланова көшесі, 69А. "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Шекарасы: "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы";

      3) аталған шешімнің қосымшасындағы № 406, 409, 411, 416, 419 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      2. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда жариялануын, сондай-ақ Медеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы А. Нурманбетоваға жүктелсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Масабаев

  Алматы қаласы Медеу
ауданы әкімінің
2020 жылғы 23 қарашасы
№ 06-01/05
шешіміне қосымша

№ 406 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Иштван Қоңыр көшесі, 53.

      "№ 99 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Халиуллин көшесінен Думан шағын ауданындағы Қарашаш көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Морозов көшесіне дейін; Морозов көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сабыр Шарипов көшесіне дейін; Сабыр Шарипов көшесімен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін; Шығыс айналмалы автокөлік жолыменсолтүстікке қарай (шығыс жағы) Халиуллин көшесіне дейін, "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шекарасы аумағын қоспағанда.

№ 409 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Демченко көшесі, 83Б.

      "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы.

№ 411 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Демченко көшесі, 83Б.

      "Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы.

№ 416 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Көктөбе шағын ауданы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 69.

      "Қ.Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қабанбай батыр көшесі мен Жарбұлақ өзенінің қиылысынан Көктөбе тауының солтүстік–батыс баурайымен солтүстік–шығысқа қарай Көктөбе шағын ауданындағы Роза Бағланова көшесінің бойымен (оңтүстік–шығыс жағы) Абылғазы өзеніне дейін; Абылғазы өзенінің шығыс арнасымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Апорт көшесіндегі № 61В үй аумағының солтүстік шекарасының тұсына дейін; Апорт көшесіндегі № 61В үй аумағының солтүстік шекарасымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Шығыс айналмалы автокөлік жолына дейін; Шығыс айналмалы автокөлік жолыменоңтүстік–батысқа қарай (солтүстік–батыс жағы), әрі қарай оңтүстікке қарай (батыс жағы) Төле би көшесінің жол айрығына дейін; Төле би көшесінің жол айрығынан оңтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Көк-Төбе-1 бағбандық серіктестігін қоса, Эдельвейс бағбандық серіктестігі аумағының солтүстік шекарасына дейін; Эдельвейс, Восход, Луч бағбандық серіктестіктері аумағының солтүстік пен батыс шекарасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Көлсай шағын ауданының солтүстік шекарасына дейін; Көлсай шағын ауданының солтүстік шекарасымен батысқа қарай (солтүстік жағы), Абылғазы өзенінің арнасына дейін; Абылғазы өзенінің арнасымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Көк Төбе қарау алаңы тұсының сызығына дейін; Көк Төбе қарау алаңы тұсының сызығымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Көктөбе шағын ауданының Сахариев көшесіндегі № 85А үй аумағының оңтүстік шекарасының тұсына дейін; Көктөбе шағын ауданының Сахариев көшесіндегі № 85А үй аумағының оңтүстік шекарасының тұсынан солтүстікке қарай (шығыс жағы) әрі қарай солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Көктөбе шағын ауданының Диваев көшесіне дейін; Көктөбе шағын ауданының Диваев көшесімен, әрі қарай Яблочная көшесімен солтүстік–батысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Қабанбай батыр көшесі мен Жарбұлақ өзенінің қиылысына дейін, "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шекарасы аумағын қоспағанда.

№ 419 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Тәтібеков көшесі, 61.

      "Клуб Ритм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Шекарасы: Жарбұлақ өзенінің арнасынан Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Құлжа даңғыл жолына дейін; Құлжа даңғыл жолымен солтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Бұқтырма көшесіне дейін; Бұқтырма көшесімен оңтүстік–шығысқа қарай (оңтүстік–батыс жағы) Үлкен Алматы каналына дейін; Үлкен Алматы каналымен оңтүстік–батысқа қарай (солтүстік–батыс жағы) Бесағаш ауылының батыс шекарасына дейін; Бесағаш ауылының батыс шекарасының бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Талғар даңғыл жолына дейін; Талғар даңғыл жолымен, әрі қарай Халиуллин көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Жарбұлақ өзенінің арнасына дейін; Жарбұлақ өзенінің арнасымен солтүстік-батысқа қарай (солтүстік-шығыс жағы) Атырау шағын ауданын қоса Рысқұлов даңғылына дейін, "Халық арена" Мұз сарайының көпcалалы кешеніндегі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы "Фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жұқпалы аурулар бөлімшелерінің шекарасы аумағын қоспағанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады